БҚИТУ ИГФ-ің ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының ғалымдары «Ақсуат» ЖШС өткізген ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің, аймақтағы шаруа қожалықтарының басшылары, аграршы ғалымдардың қатысуымен өткен семинар-көрмеге қатысты.
Семинар барысында ветеринария және биотехнология Ғылыми-зерттеу орталығының директоры, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Г.Г. Абсатиров «Мал шаруашылығын дамытудағы ветеринариялық тәуекелдер» атты баяндамасын таныстырды, «Дисалар» және «Эстрозоль А» отандық ветеринариялық препараттарының «Эпсилон» ЖШС – мен бірлескен әзірлеу үлгілерін, жануарлардың бруцеллезін ИХА әдісімен жедел диагностикалау жиынтығын ұсынды. Ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Е.У. Байтлесов өзінің ғылыми баяндамасында Қазақстанның Батыс өңірінде ірі қара малды өсімін молайтудың перспективалы биотехнологиялық әдістерін әзірлеу мен енгізудің өзекті мәселелерін атап өтті.
Семинар аясында ветеринария және ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулер кафедрасының ғалымдары өңірдегі фермерлер мен мамандар үшін ауыл шаруашылығы жануарларының өсімін молайтудағы біліктілікті арттыру курстарын өткізу туралы толық ақпараты бар баннерлер, буклеттер, макеттер және заманауи жабдықтармен таныстырды. Сонымен қатар семинарға қатысушыларға мал шаруашылығының әл-ауқатын ветеринариялық қамтамасыз ету бойынша көптеген кеңестер берілді.


