2023 жылдың 5 сәуірі күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, педагогика факультеті, жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасының “Дене шынықтыру және спорт” білім беру бағдарламасының білім алушылары (ФКС-212, ФКС-311,ФКС-321топтары) Ғ.Қараш 12 мекен жайында орналасқан БҚИТУ Археологиялық мұражайына барды.

Мұражай меңгерушісі т.ғ.к.,  PhD Қалменов Мұрат Дабылұлы студенттерге мұражайды аралатып, мұражайдың ашылуы,  ондағы жәдігерлердің табылуы мен тарихы туралы қызықты етіп баяндап берді.  Студенттер өлкеміздегі археологиялық ескерткіштер туралы көптеген мәліметтер алып, Мұрат Дабылұлына өз сұрақтарын қойып рухани азықпен сусындады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz