Коронавирус пандемиясына байланысты Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің тілдер және менеджмент факультетінде 7 мамандық бойынша 4 курс студенттерінің кәсіби практика есебін қорғау бекітілген кестеге сәйкес қашықтықтан өтті.
Университет түлектері кәсіптік практиканың есебін БҚИТУ арнайы құрылған білім беру порталына тексеруге жіберді.
Студенттер Free Conference Call платформасы көмегімен комиссия мүшелеріне практика нәтижелерін баяндап on-line-форматта есептерін қорғады. Сонымен қатар бітіруші түлектер кәсіби практикадан алған тәжірибесі туралы жеке пікірлерімен бөлісті.
Студенттер университет қабырғасында алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыра білді. Студенттердің басым бөлігі өз мамандығы бойынша жұмыс істеуге бейімді, ал кейбіреулері жұмыс туралы ұсыныс алды.