28.04.2022 ж. Батыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасының «Аманат-жайық» қоғамдық қорының теолог-маманы Наурыз Ибатұлы Убаев, Батыс Қазақстан облысы жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының кеңесші-маманы Рахметолла Бексанат Маратұлы университет студенттерімен кездесіп, өз салалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізді.
Кездесудің мақсат – жастарды жалған діни ағымдардың арбауынан сақтандыру, жалған діни ағымдарды дәстүрлі діндерден қалай ажыратуға болатындығын түсіндіру.
Әңгіме барысында теолог студенттерге қазіргі заманғы діни экстремизмнің өзекті мәселелері, деструктивті ағымдар өкілдерінің әлеуметтік желілер арқылы белсенді түрде қалай таратылатыны туралы айтып берді.
Дінтанушы-теолог маманның ішкі тұрақтылық пен дәстүрлі рухани құндылықтарға баса назар аудару керектігіне тоқталып өтті. Наурыз Ибатұлы қазiргi Қазақстандағы мемлекеттік -конфессиялық қарым-қатынастар туралы әңгiмеледi.
