2016 жылдың 18 қазан күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде «Жас Отан» жастар қанаты және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл» агенттігімен бірге біздің университетімізде жемқорлық әрекеттерге қатысты ақпараттарды анықтау мақсатында «Таза сессия» акциясы өтті. Акцияға БҚО Орал қаласының сыбайлас жемқорлықты алдын алу басқармасының маманы Түлепов Ерік Тлекбайұлы және «Жас Отан» жастар қанатының облыстық филиалының жобалар бойынша менеджірі Сүнғатов Жандос Әміржанұлы, «Жас Отан» жастар қанатының облыстық филиалының менеджері Шамғалиев Ерлік Мерекеұлы қатысып сауалдама өткізді. Аталған шараға біздің факультетімізден 1- 5 курс студенттері қатысты.  Сауалдама қазақ және орыс тілдерінде өткізілді.  Сауалдама нәтижесі бойынша біздің университетімізде сыбайлас жемқорлық анықталған жоқ.

img_3146%d0%ba%d0%beimg_3150%d0%ba%d0%be

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz