Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең қажеттілік. Үш тілде оқыту – заман талабы. Негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік анықтауға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Үштілдік туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев білім және ғылым саласы қызметкерлерінің III съезінде сөйлеген сөзінде: «Ағылшын тілінің қажеттілігі әлемге тән қажеттілік, бүгінгі күн талабы. Ал орыс тілін жақсы білу – біздің байлығымыз» десе, 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс.

photo1photo2

Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі- ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деген болатын. Соған орай  тілдер және менеджмент факультеті, шетел тілдері және аударма ісі кафедрасында көптеген аудандардан келген ұстаздар өз білімдерін жетілдірді. Курстың бірінші деңгейінде 118 ұстаздар білім алып, өз жұмыс орындарына қайтып оралды. Ағылшын тілінен алған білімдерін өздерінің күнделікті сабақтарында ойдағыдай қолданатындарына сенімдіміз. Оқыту барысында ұстаздарды тәжірибе алмасу мақсатында Орал Қазақ-Түрік лицейінің физика, химия, биология, информатика пәндерінің сабақтарына қатыстырылды. Курс соңында білім алған ұстаздар кафедраның оқытушыларына ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жолдады. Жалпы ұстаздарға өте қызықты өтті.

photo3

Ағылшын тілі – әлемдік бизнес тілі, мемлекеттік тіл – ұлт тілі. Мемлекеттік тілде сөйлеу – әрбір Қазақстан азаматының борышы. Ағылшын тілі қазақ тілін үйренуге ешқандай кедергі жасамайды. Тек соны түсіне білу керек деп ойлаймын.

photo4

Кафедра меңгерушісі  ф.ғ.к.,проф.Доукариева У.К.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz