2016 жылдың 20 қазанында инженерлік-технологиялық факультетте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Күзгі бал – 2016» байқауы өтті. Байқауға инженерлік-технологиялық факультет және Орал мұнай, газ және салалық технологиялар колледжінің 1 курс студенттері қатысты. Байқауды инженерлік-технологиялық факультет деканатының студенттері ұйымдастырды.
Шараның басты міндеттері – студенттердің шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыруға жағдайлар жасау, жастардың қоғамдық оң бастамаларын қолдау және оған жағдайлар жасау, студенттерде қазақстандық патриотизм мен белсенді азаматтық көзқарасты қалыптастыру.
Байқауға 8 жұп қатысты. Байқауға қатысушылар алдын ала бейнетаныстырылым дайындап, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған зияткерлік сұрақтарға жауап беріп, вальс биін билеп, театрландырылған көрініс қоюы тиіс болды. Байқау бағдарламасының қорытындысы бойынша қазылар келесі номинациялар бойынша жеңімпаздарды іріктеп алды: «Ең зияткер жұп», «Ең дарынды жұп», «Үздік классикалық би», «Күзгі балл – 2016» байқауының Ханзадасы мен Ханшайымы». Инженерлік-технологиялық факультет студенттері «Ең дарынды жұп» номинациясын иеленіп, сонымен қатар «Күзгі балл – 2016» байқауының Ханзадасы мен Ханшайымы атанды.




