Жалпы білім беру пәндері кафедрасының оқытушысы Манцева Галина Олеговна «Ақжайық» телеарнасына сұхбат берді.
Сюжет қазақ тілін насихаттау және оны титулды емес ұлт өкілдерінің меңгеруі мәселелеріне арналды.
Галина Олеговна қазақ тілін 2009 жылдан бастап оқып келеді. Әр жылдары ол облыстық «Приуралье» газетінде жұмыс істеп, аударма және мәдениетаралық коммуникация саласында мол тәжірибе жинады. Атап айтқанда, ол диктофонсыз ауызша баяндамалар мен сөздерді аудара білді, қазақ тілінен орыс тіліне баспасөз релиздерін, мақалалар мен жарияланымдарды тәржімалады, сондай-ақ ауызекі тілді естіп қабылдау дағдысын дамытты. Соның арқасында оның сөздік қоры едәуір кеңейіп, кәсіби құзыреттілігі артты.
Сұхбат барысында Галина Олеговна осы білімдері мен дағдылары бүгінде оның педагогикалық қызметінде тиімді қолданылып жүргенін атап өтті. Қазіргі таңда ол қазақ тілінде білім алатын студенттерге орыс тілін оқытады, бұл өз кезегінде жинақталған тәжірибені білім беру үдерісінде пайдалануға мүмкіндік береді.
15 қыркүйек күні 2025 жылы Батыс Қазақстан инновациялық -технологиялық университетінің профессоры филология ғылымдарының кандидаты Шканова Бақыт Әжіғұлқызы облыстық телевидениеден ” Тарихтан тағылым” айдары бойынша жерлесіміз, ақын, жазушы, философ, публицист, баспагер Ғұмар Қараштың туғанына 150 жыл толуы аясында қазақ қоғамының даму тарихына үлкен үлес қосқан қоғам қайраткерінің өмірі мен шығармашылық еңбектерінің тарихи- философиялық құндылықтарына соңғы зерттеулерден деректер келтіре отырып, терең талдау жасап, сұхбат берді. Хабарды журналист М.Балмолда жүргізді.