2025 жылдың 19-қыркүйегінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің 1-курс студенттері арасында дәстүрлі «Денсаулық күні 2025» фестивалі өтті. Спорттық шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, студенттер арасында достық қарым-қатынасты нығайту. Шара шымылдығын университет ректоры Б.Т.Шакешев құттықтау сөзімен көтеріп, спорттың жастар өміріндегі маңызыдылығын атап өтіп, сайыскерлерге сәттілік тіледі.
Ерекше көңіл күймен өткен денсаулық мерекесіне университет студенттері белсенді қатысып, өзара сайыс барысында келесідей нәтижелер көрсетті:
Эстафета 4х100м.
1-орын – «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері.
2-орын – «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері.
3-орын – «Сәулет» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері.
Арқан тартыс сайысы
1-орын – «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері.
2-орын – «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері.
3-орын – «Сәулет» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері.
Көңілді старт
1-орын – «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері.
2-орын – «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері.
3-орын – «Ветеринария» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері.
Гір тасын көтеру.
1-орын – Едигеев Еламан «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері
2-орын – Жумаев Данияр «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері
3-орын – Батыр Әділет «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері
Футбол.
1-орын – «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері.
2-орын – «Сәулет» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері.
3-орын – «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері.





