БҚИТУ ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының ғалымдары «Меновой двор» агроөнеркәсіптік көрме-форумына белсене қатысты. Көрме-форум Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының жетекші ғалымдарын, сарапшыларын және аграрлық сала кәсіпорындарының басшыларын бір арнаға біріктіріп, Орынбор облысы Үкіметінің, РФ Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен Орынбор қаласында өтті.
Аталған іс-шараның мақсаты аграрлық сектордың проблемаларын талқылау және ауыл шаруашылығын сапалы жаңа деңгейге шығаратын инновациялық шешімдерді ұсыну болды.
Онлайн-форматтағы пленарлық отырыста БҚИТУ ғалымдары ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Г.Г. Абсатиров, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Е.У. Байтлесов құттықтау сөз сөйлеп, өз баяндамаларында паразитке қарсы инновациялық ветеринариялық препараттарды әзірлеу мен қолданудың, Қазақстан Республикасында ірі қара малдың өсімін молайтудың қазіргі заманғы әдістерін енгізудің өзекті мәселелері айқындап айтты.
Форум қорытындысы бойынша қатысушылар жоғары оқу орындары арасындағы өзара іс-қимылды дамыту және нығайту, ҚР мен РФ агроөнеркәсіптік кешенін одан әрі табысты дамытуға бағытталған бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.
