2022 жылғы 8 желтоқсанда сағат 10-да 6В04202 «Құқықтану», 6В04203 «Көлікті тасымалдауды, қозғалысты және пайдалануды құқықтық реттеу» білім беру бағдарламаларының білімалушылары қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың сот залында тәжірибеге бағытталған сабаққа қатысты. Сабақты құқық кафедрасының аға оқытушылары Б.З. Ахметжан, Ж.К. Тулеугалиева, А. Ж. Сәрсенова ұйымдастырды.
Ұрлық туралы қылмыстық істі қарау кезінде сот залында тәжірибеге бағдарланған сабақ өтті. Білімалушылар практикадағы басты сот талқылауының тәртібімен танысты. Бас сот талқылауы үшін белгіленген уақытта сот отырысының хатшысы сот отырысы залына қатысушыларға: “Барлығын тұруды сұраймын! Сот жүріп жатыр!”. Осыдан кейін төрағалықетуші сот залына кіреді, барлық қатысушыларды өз орындарына орналасуға шақырады және қандай қылмыстық іс және ашық немесе жабық сот отырысында қаралатынын хабарлайды.
