БҚИТУ инженерлік-гуманитарлық факультетінің 6В07201-“Мұнай-газ ісі” БББ 2 курс білім алушыларымен «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Орал» магистральдық газ құбырлары басқармасы (филиалы) мұнай-газ ісі кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы С.З.Ахметжан, А.Н.Мукамбетқалиева, Б.Н.Аманова, Д,Д,Серікова ұйымдастырып, тәжірибеге бағытталған сабақ өткізді.
Сабақ барысында білім алушылар газ компрессорлық станция жабдықтарымен; газды шаңнан және тамшы ылғалдан тазарту қондырғысымен; газды салқындатуға арналған жабдықпен; орталықтан тепкіш үрлегіштерге арналған майлау және тығыздау жүйесімен; магистральдық газ құбыры арқылы газды тасымалдаудың қажетті режимін қамтамасыз ететін газ айдау агрегаттарын басқарудың автоматтандырылған жүйесімен танысты.
Тәжірибеге бағытталған сабақ практикалық іс-әрекетте туындайтын міндеттерді шешу үшін теориялық білімді қолдану дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті; өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігін және оқу процесінің танымдық белсенділігін дамыту.
“Интергаз Орталық Азия” АҚ басшылығына жемісті ынтымақтастығы үшін зор алғысымызды айтамыз!


