19.09.2024 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Салалық технологиялар институты Сәулет және құрылыс кафедрасы 6В07303 «Жерге орналастыру және кадастр» мамандығының студенттеріне Теңізшевройл компаниясының жер қатынастары және жылжымайтын мүлік бөлімінің геоақпараттық жүйесінің маманы Давлетбаев Руслан Маратович тәжірибеге бағдарланған сабақ өткізді.
Теңізшевройл компаниясы жер қатынастары және жылжымайтын мүлік бөлімінің геоақпараттық жүйесінің маманы Давлетбаев Руслан Маратович «ArcGIS бағдарламасын еңгізу» тақырыбында дәріс сабағын өткізді. Географиялық ақпаратты талдауға, жасауға, басқаруға, алмасуға, үйлестіруге ArcGIS бағдарламасы қолданылады. Мемлекеттік басқаруда, ғылым және білім саласында, бизнесте географиялық білімді тәжірибелік жүйеде ArcGIS бағдарламасы арқылы барлық елде қолданылады. Геоақпараттық жүйені құрғанда және құрастырғанда ArcGIS бағдарламасы әлемде бірінші орында.
ArcGIS бағдарламасының графикалық жұмысының қағидаларымен студенттерді таныстырды.

