2024 жылдың 9 және 13 қыркүйегінде ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының 1 курс студенттері университеттің ғылыми өміріне бейімделу, әлеуметтену және таныстыру аясында университет кітапханасына барды. Экскурсиялар бекітілген кестеге сәйкес өтті.  Салалық технологиялар институтының кітапхана меңгерушісі Мүфтигалива Надира Сәбитқызы танымдық экскурсия өткізіп, студенттерді оқу, әдістемелік, ғылыми, көркем әдебиет қорымен таныстырды. Студенттерге Электронды кітапхана, енгізілген жаңа цифрлық технологиялар туралы ақпарат берілді. Кітапханада Интернетке қол жетімді компьютерлер бар екендігі атап өтілді, яғни кез-келген адам келіп, үйде компьютер немесе интернет болмаса, кітапхана ресурстарын пайдалана алады және мұның бәрі мүлдем тегін! 

Әрине, біздің бірінші курс студенттеріне экскурсия өте ұнады. Студенттер өз әсерлерімен бөлісті: «Кітапхана залының табалдырығынан өтіп, барлық кітаптарды оқып, өзіме бір нәрсе жазуды бастағым келеді, өзімізді дамытуға көбірек көңіл бөлгім келеді», «Біз болашақта мамандықтар бойынша емтихандарға дайындалуға көмектесетін кітаптармен таныстық»,  «Кітапхана-бұл идеялар мен адамдардың кездесу орны. Бізге бұл кездесу өте ұнады!».

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz