2024 жылдың 18-қыркүйегінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Тарих» білім беру бағдарламасының білім алушылары Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай өткізілген «Тіл бірлігі – ел бірлігі» атты дәріске қатысты. Өткізілген шараның мақсаты: өскелең ұрпаққа мемлекеттік тілдің мәртебесін ұғындырып, оны сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт – дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру.
Шара барысында «Тарих» білім беру бағдарламасының студенттері музейдің барлық тақырыптық залдарына экскурсия жасап, тілдер күніне орай ұйымдастырған көрмені тамашалап, құнды мәліметтер алды.
