2023 жылдың 19 қыркүйегінде БҚИТУ салалық технологиялар институты 6В11201-Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларға «Өрт қауіпсіздігі» оқыту функционалын қолдану арқылы тәжірибеге бағдарланған  ҚР ТЖМ БҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің, Өрт – техникалық орталығында тәжірибеге бағытталған сабақ өткізілді.

Тәжірибеге бағытталған сабақ «Авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу және оларды техникалық қамтамассыз ету» пәні бойынша өткізілді. Сабақ  барысында аталған орталықтың караул басшысы Қабдолов Т. Ж. студенттерге әр кезде аяқ астынан мүмкін болатын төтенше жағдайларға әсірессе өрттің өршуіне қарсы қолданылатын өрт техникасы мен өрт құрылғыларын қолдану, адамдарды эвакуациялау, өрттен адамдарды құтқару және өрт сөндірушілердің өрт қауіпсіздігі заңының талабына сай дайындық жүргізу барысын үйретті.

Тәжірибеге бағдарланған сабақ барысында білім алушылар зерттелетін тақырып бойынша пайдалы және өзекті ақпарат алды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz