Экскурсия-кәсіби ақпарат алудың бір түрі. 2022 жылғы 17 қарашасында мұнай-газ кафедрасының оқытушылары Қ.А. Ихсанов пен Г.Е. Калешева “Ұңғымаларды зерттеу операторы” курсы бойынша 6В07201-Мұнай-газ ісі БББ-сы студенттері үшін “АлемПром” ЖШС оқу орталығына экскурсия ұйымдастырды. Экскурсия барысында студенттер жұмысшы кәсіптерінің өкілдерін кәсіби даярлауды ұйымдастырумен, өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік, электр қауіпсіздігі бойынша оқу аудиторияларымен танысуға мүмкіндік алды.

Директор Р.Х. Есмагулов оқу орталығының қызмет саласымен, орталықтың көрсетілетін қызметтерімен таныстырды: кәсіптік даярлау, қайта даярлау, мамандардың біліктілігін арттыру, аттестаттау және тағы басқалар. Студенттер экскурсиядан үлкен әсер алып, оқу орталығының ұжымы мен директор Р.Х. Есмагуловқа алғыстарын білдірді.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz