2023 жылы 20 сәуірде сағат 14.30-да «Конденсат» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Галиметденова Дина Ерсейтовна және «Конденсат» АҚ кадрлық құқықтық қызмет департаментінің басшысы Баекеева Эльмира Болатовна  6В04202 Құқықтану және 6В04203 Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды құқықтық реттеу Білім беру бағдарламаларының білім алушылары үшін «Корпоративтік құқықтың өзекті мәселелері» тақырыбында дәріс өткізді.

Қонақтар корпоративтік құқықтың негізгі ұғымдарын, корпоративтік құқықтық қатынастардың ерекшеліктерін ашып, ҚР корпоративтік заңнамасына талдау жүргізді. Кадрлық құқықтық қызмет департаменті білім алушыларға практикадан өтуді ұсынды және болашақ түлектерді «Конденсат» АҚ-ға жұмысқа орналасуға шақырды.    Дәріс соңында білім алушылар тақырып бойынша белсенді сұрақтар қойып, осы дәріске қызығушылық танытты.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz