2022 жылғы 21 қазанда «Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» ББ 4 курс студенттері үшін «Орал трансформатор зауыты» ЖШС-де тәжірибеге бағытталған сабақ өткізілді.

«Орал трансформатор зауыты» – заманауи жабдықтармен және озық технологиялармен жабдықталған кәсіпорын, оның өнімдері ТМД елдерінің энергетика салаларында кеңінен қолданылады. Компания 90% экспортқа бағдарланған электр жабдықтарының кең желісін шығарады, ол толықтырылатын және нарықтың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыратын болады: қуаты 2500кВА дейінгі 6,10,20 кВ құрғақ және майлы трансформаторлар; 10,20 кВ КӘЖ, КРУ, КРУН сериялы жиынтық тарату құрылғылары; әртүрлі мақсаттағы блокты-модульдік ғимараттар; төмен вольтты құрылғылар.

Сабақ барысында студенттерге қауіпсіздік техникасы бойынша инженерлер жұмысының маңыздылығы, олардың жұмысына қандай міндеттер кіретіні, өрт қауіпсіздігі, жеке қорғаныс құралдары (ЖҚҚ), ұжымдық қорғау құралдары туралы айтылды. Олар трансформаторлардың қалай жасалатынын және қызметкердің қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып қалай жұмыс істеуі керектігін нақты түсіндірді.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz