Қазақстанда мини-футбол алматылық «Қайрат» клубының жетістігінің арқасында үлкен танымалдылыққа ие болды. Жалпы білім беру пәндері кафедрасының аға оқытушылары Шалаев Б.Б., Ертілеу Қ.М. 2022 жылы 9 қарашада инженерлік-гуманитарлық факультетінің 1-3 курс студенттері арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырып, өткізді. Бұл шараның мақсаты – әуесқойлар ұжымдары арасында ЗКИТУ спорт залын насихаттау және дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және футбол жанкүйерлерінің бос уақытын ұйымдастыру. Барлығы он команда қатысып, 70 қатысушы жоғары орынға таласты. I жүлде – БЖД-22 тобы, II орын – ЭЛ-31 тобы, III орын – БЖД-11 тобы алды.

«Үздік қақпашы» номинациясын ЭЛ-31 тобының студенті Бекежанов Е., «Үздік қорғаушы» СТР-21 тобының студенті Жастауов А.; «Үздік шабуылшы» номинациясымен – БЖД-22 тобының студенті Караулов А. марапатталды.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz