БҚИТУ инженерлік-гуманитарлық факультеті «Көлік және технологиялар» кафедрасының 6В07101 Көлік, көлік техникасы және технологиялары және 6В11301 Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру білім беру бағдарламалары бойынша 1-3 курс студенттері «БҚАП» ЖШС-де тәжірибе бағытталған сабағы мен «AstanaRailwayServices» ЖШС филиалы – «Орал вагон жөндеу депосы» бойынша танысу сапары болды.

Студенттерді «БҚАП» ЖШС бас инженері А.А. Яковенко қарсы алып, негізгі өндірістік цехтарға: дәнекерлеу және құрастыру цехы, құрастыру цехы, автобус жөндеу цехы, қозғалтқыш цехы, токарлық цех, жанар-жағармай және құрал-жабдық цехтарымен таныстырды.

«БҚАП» ЖШС автобус паркі ең ірі кәсіпорындардың бірі болып табылады. Жылжымалы құрамды сақтауға, ұстауға және жөндеуге қажетті өндірістік-техникалық базалары бар.

Сондай-ақ «AstanaRailwayServices» ЖШС филиалы – «Орал вагон жөндеу депосында» бас инженері Е.Т.Ихсанов «Қазақстан темір жолы» АҚ ұйымының құрылымымен, кәсіпорын ұжымымен, жалпы персонал санымен және кәсіпорынға мамандардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырумен таныстырды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz