2017 жылдың 28-қараша күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің педагогика факультеті филология кафедрасының « Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3-курс студенттері А.Т. Абужалитова мен С.Ж. Таспаеваның жетекшілігімен « Елбасы-ел тірегі» атты тұңғыш Президент күніне арналған ашық тәрбие сағатын ұйымдастырды. Сабақ барысында Президентіміздің өмірі мен қызметіне қатысты мәліметтер берілді. Студенттер елбасы туралы ән айтып, арнау өлеңдерін оқыды. Іс-шараға педагогика факультетінің деканы Б. С. Джумакаева мен филология кафедрасының меңгерушісі М. Қ. Ажгалиев және оқытушылар мен студенттер қатысты.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz