2017 жылдың 30 қарашасында Тілдер және менеджмент факультеті студенттерімен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде барлығы 7  баяндама жасалды, оның ішінде Қазақстанның тәуелсіздікке келген жолы, тәуелсіз Қазақстанның 26 жылда жасаған жетістіктері, негізгі әлеуметтік-экономикалық реформалары, даму стратегиясы, Президенттің белсенділігі арқылы Қазақстанның жеткен жетістіктері айтылды.

Елбасымыздың «Үш тұғырлы тіл» саясатын насихаттау мақсатында дөңгелек үстелдегі баяндамалар  үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілінде жасалды. Отырысты тілдер және менеджмент факультетінің деканы Ж.Ж. Жумаев қорытындылап, оқытушылар мен студенттерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz