8 желтоқсан күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті педагогикалық факультеті филология кафедрасының оқытушылары Г.А.Бейсенова мен А.Н.Бекмашеваның ұйымдастыруымен «Жанарымда желтоқсанның ызғары» атты әдеби-сазды кеш өтті. Кешті өткізудің мақсаты – студенттердің өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Мерекелік шараға «5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2,3 курстың белсенді студенттері қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Көрерменге ұмытылмас әсер сыйлаған кеш жоғары деңгейде өтті.

