2022 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған университет апталығы аясында инженерлік-гуманитарлық факультеттің инжиниринг және кәсіби сертификаттау орталығы ұйымдастырған “Тәуелсіздік құндылығы: Жастар және ғылым” атты ғылыми-студенттік конференция өтті.
Конференцияда 6В07301 “Сәулет”, 6В11201 “Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау”, 6В09103 “Ветеринария”, 6В06104 “Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер”, 6В07201 “Мұнай-газ ісі”, 6В07102 “Электр энергетикасы”, 6В11301 “Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру”, 6В04202 “Құқықтану”, 6В04106-Қаржы және 6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламаларының 1-3 курс студенттері баяндама жасады.
Конференцияға қатысушылар, өз баяндамаларында Тәуелсіздік жылдарында өздерінің білім беру бағдарламалары бойынша өндіріс салаларының дамуы туралы баяндады.
Конференция қорытындысы бойынша 6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті, 6В06104 “Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер”, 6В07201 “Мұнай-газ ісі”, 6В07301 “Сәулет”, 6В09103 “Ветеринария”, 6В04202 “Құқықтану” БББ студенттері жеңімпаз және жүлдегер атанды.

