2022 жылы 7-9 желтоқсан аралығында «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ (АЭжБУ) «Самұрық-Энерго» АҚ-мен бірлесіп «Электротехниканың теориялық негіздері» пәні бойынша «Электротехника және Энергетика» білім беру бағдарламасы бойынша 3 курс білім алушылары арасында Республикалық олимпиада өткізді.
Олимпиада болашақ мамандарды кәсіби бағдарлау, энергетикалық бейіндегі мамандықты дәріптеу, дарынды жастарды анықтау, мамандарды даярлау сапасын арттыру мақсатында өткізілді.
Олимпиадаға Қазақстанның 17 жоғары оқу орнының білім алушылары қатысты. Біздің университеттен «Электротехниканың теориялық негіздері» пәні бойынша олимпиадаға 6В07102 «Электроэнергетика» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері қатысты: С. К. Ұзақбаев пен А. Р. Гусманов, «ЭАиВТ» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Л. А. Садықова еріп жүрді.
Ашылу салтанаты ҒЗЖ жөніндегі проректор, PhD докторы – А. А. Саухимовтың, «Сарук-Энерго» АҚ «Генерация және отын» департаментінің бас менеджері – А. Т. Қыстаубаевтың, «АЖК» АҚ Жедел жұмыс жөніндегі басқарушы директоры – Б. Т. Нұрахмановтың, Б. Оразбаев атындағы ЖЭО-1 Департаментінің электр цехының бастығы Д.Б.Аймуратовтың құттықтау сөздерімен басталды.
Тапсырманы орындауға 2 сағат уақыт бөлінді. Тапсырма 4 есептен тұрды.
Олимпиада ұйымдастырушылары қатысушыларға арнап университеттің зертханаларына экскурсия ұйымдастырды. Экскурсияны мамандар мен кафедра меңгерушілері өткізді. Білім алушылар АЭжБУ-да магистратурада оқуын жалғастыруға ниет білдірді.
Олимпиадаға қатысушыларға сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.
«Энергетика және электротехника» институтының директорымен білім алушылардың академиялық ұтқырлығы, бірлескен жобалар, бірлескен жарияланымдар туралы мәселелер қаралды.

