2022 жылдың 20 желтоқсанда БҚИТУ инженерлік гуманитарлық факультетінің «Мұнай – газ ісі» кафедрасының 6В07201/7М07201 – “Мұнай-газ ісі” ББ бағдарламасы бойынша профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер / магистранттар “ЖайкМунай” ЖШС Nostrum Oil & Gas экскурсияға барды. Негізгі іс-шаралардың бірі, кәсіпшілік директоры Иван Вуковпен кездесу болды.
“ЖайкМунай” – қазіргі уақытта мұнай-газ кен орындарын барлаумен, сондай-ақ көмірсутектерді өндірумен және пайдаланумен айналысатын тәуелсіз мұнай-газ кәсіпорны. Компанияның мұнай және газ өндірудің негізгі көлемі Қазақстанның солтүстік-батысында орналасқан Чинарев кен орны. Zhaikmunai L. P. толық меншігіндегі еншілес компания болып табылатын “ЖайкМунай” ЖШС ZhaikMunai LP мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалған өнімді бөлу туралы келісімге сәйкес Чинарев кен орнын игеруде 100% үлеске ие.
Өндіру бойынша суперинтендент Сыздыков Азамат Чинарев кен орнының ҚКПГ және ҚППГ өндірістік объектілерімен таныстырды.
Экскурсия жоғары деңгейде өтті. Мұнай-газ ісі кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, студенттері мен магистранттары “Жайқмұнай”компаниясына алғыс білдіреді.


