2025 жылдың 23-қаңтарында Бәйтерек ауданы Үлкен Шаған мектеп-балабақша кешенінде «Мамандық таңдау – болашаққа сенімді қадам» тақырыбында кездесу өтті. Шараның мақсаты – мектеп түлектеріне мамандықты таңдауда кәсіби бағдар беру. Кездесуге Орал қаласының жоғары оқу орындары қатысты (БҚИТУ Білім және менеджмент институты, Салалық технологиялар институты, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ). Шара барысында әр университет өздерінің білім беру бағдарламаларын таныстырып, оқуға түсу шарттарын түсіндірді. Кездесу барысында БҚИТУ Білім және менеджмент институтының кәсіптік бағдар беру маманы Р.С. Ислямов оқушыларға институт туралы толық ақпарат беріп, білім беру бағдарламалары бойынша пәндерді таңдау ерекшеліктерін түсіндірді.

