2024 жылдың 17-30 желтоқсан аралығында Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы, Ветеринария және техносфералық қауіпсіздік, Көлік және технология, Мұнай-газ инженериясы, сондай-ақ Құқық кафедраларының оқытушылары Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (MUIIT) ұйымдастырған «Білім берудегі AI және GPT кіріспесі» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсын сәтті аяқтады.

Курс бағдарламасы жасанды интеллект (AI) технологияларын, соның ішінде генеративті GPT модельдерін білім беру саласында қолдану бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды игеруге бағытталған.

Курс аясында келесі тақырыптар қамтылды:

  • Жасанды интеллекттің тарихы мен дамуы;
  • AI негізгі концепциялары мен алгоритмдері;
  • GPT моделінің білім беру материалдарын әзірлеудегі рөлі;
  • Білім берудегі AI қолданудың этикалық және құқықтық аспектілері.

Оқу нәтижесінде кафедра оқытушылары 72 академиялық сағаттық біліктілікті арттыру сертификатын алды.

Курсқа қатысуды қаржыландырған университет құрылтайшылары мен басшылығына шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Бұл қолдау оқытушылардың кәсіби дамуына және білім беру процесіне заманауи технологияларды енгізуге үлкен үлес қосты.

Алынған білімдер мен дағдылар заманауи технологияларды білім беру үдерісіне енгізуге, оның сапасы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.