2025 жылдың 23-қаңтарында БҚИТУ Білім және менеджмент институтының 6В04102–Экономика ББ студенттері Руслан Дүйсекенов, Бибарс Шапиев, Асқаров Рахат және экономика магистрі, аға оқытушы И.Н.Тимиргалиевтің ғылыми жетекшілігімен «Өзекті жобалар: идеяларды іздеу және оларды іске асыру» тақырыбындағы I-ші Халықаралық студенттік жобалар байқауына қатысты. Байқау Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті жанындағы Бизнес мектебінде онлайн форматта ұйымдастырылды.
Байқау 2 кезеңде өткізілді: I тур – жобаны таныстыру, II тур – жобаның тақырыбы бойынша таныстырылымды қорғау. Байқауға 60-тан астам жоба ұсынылып, оның ішінде 27 үздік жоба іріктелді. Студенттеріміз 2 кезеңнен де сәтті өтіп, байқауда сенімді өнер көрсетіп, қойылған сұрақтарға жауап берді. Байқау нәтижесінде БҚИТУ білім алушылары 2-ші орынды иеленді.