2016 жылдың 26 – шықазанында инженерлік –технологиялық факультетінің акт залында сағат 14:30 «Проблемы трудоустройства выпускников» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты ― қазіргі заманғы әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында жас мамандардың жұмысқа орналасуының өзекті сұрақтарын талқылау, сонымен қатар алдыңғы қатарлы жұмыспен қамту компанияларының қызметкерлер штатына жастардың интерграциясының сұлбасы мен шешімдерді өңдеу.
Бұл мерекелік шараның модераторлары – инженерлік – технологиялық факультет деканаты, техника және технологиялар кафедрасы, факультет бойынша практикаға және жұмысқа орналастыру бойынша жауапты.
Мерекелі шараға барлығы төрт жұмыспен қамту кәсіпорындарының мүшелері қатысты: «БатысМунайГазЖабдыктары» ЖШС директорының орынбасарыО.К. Букаев, «Уральскнефтегазгеология» АҚ-ның қауіпсіздік техникасы бойынша инженер М.С. Нургазинов, «ЗККСМ» АҚ-ның ТББ бөлім бастығы Б.И. Убаев, «Казбургаз» АҚ-ның ұңғыманы капиталды жөндеу бойынша менеджер Дисенов Б.С., БҚИТУ ИТФ деканы Н.М. Кадыргалиев, БҚИТУ техника және технологиялар кафедрасының меңгерушісі К.А. Ихсанов, БҚИТУ ИТФ бойынша практикаға жауапты А.В. Ким, кафедра оқытушылары және 50ден аса бітіруші курс студенттері:
5В070800 «Мұнай газ ісі»
5В072900 «Құрылыс»
5В071800 – «Электроэнергетика»
5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»
5В072400 – «Технологиялық машиналар және жабдықтар»
Дөңгелек үстелдә факультет деканы өз сөзімен Қадырғалиев Н.М. ашты. Ол өз сөзінде кәсіпорын өкілдеріне бітіруші студенттердің практикадан өтуі және әрі қарай жұмысқа орналасу сұрақтары бойынша университетпен тығыз серіктестіктері үшін алғысын білдірді.
Сонан соң, техника және технология кафедрасының меңгерушісі Ихсанов Қ.А. сөз алды, ол кафедра және студенттер жөнінде сөз қозғап, оқу үрдісі бойынша университетпен кәсіпорындар және ұйымдардың өзара байланысы жөнінде мәселе қозғады.
Әрі қарай, факультет бойынша практикаға жауапты Ким А.В. келесі сұрақтарды қозғай отырып сөз сөйледі: еңбек нарығында жағдайдың даму болжамы, жас мамандар нені таңдайды және жұмыс берушілер кімді іздейді?
Дөңгелек үстел әрі қарай жұмыспен қамтушы кәсіпорындар өкілдерінің сөз алуымен жалғасты. Олар кәсіпорын, бос орындар жөнінде, және қызметкерлерді таңдау қалай жүретіні, жаңа жұмысқа қабылданушыларға қандай талаптар қойылатыны, олардың әрі қарай кәсіби өсуі болашағы, және жалақы жөнінде айтып өтті.
Кәсіпорын өкілдері сөйлеп болған соң, студенттер тарапынан практика және жұмысқа орналасу бойынша көптеген сұрақтар қойылды.
Дөңгелек үстелді қорытындылай келе, жұмыспен қамтушылрмен мұндай кездесу оқу орнының өндіріспен өзара байланысының күшейе түсуіне және бітіруші студенттердің жұмыс табуына көп пайдасы болатынын атап өткен жөн.


