Күз Ханзадасы мен Ханшайымы – 2016» сайыс кеші Тілдер және менеджмент факультетінде Мәдени-тынығу жұмысы және ЖББП кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен өткізілді. Сайысқа «Мәдени- тынығу жұмысы» мамандығынан 1211,1212,1213 топ студенттерінен 5 жұп қатысты.

«Күз Ханзадасы мен Ханшайымы – 2016» сайысы 4 кезеңнен құралды:

  1. «Тегімді менің сұрасаң…» (өзін таныстыру)
  2. «Өнерлі бала – елдің көркі» (өнер сайысы)
  3. «Сұлулық сыры» (сән үлгісі)
  4. Қол өнер – үй тапсырмасы (жеміс-жидек, көкіністер және табиғи материалдардан)

Күзгі балдың мақсаты – студенттердің шығармашылығын дамыту, олардың бойында өнегелік қасиеттерді қалыптастыру  және өнерге баулу болып табылады.

Мереке барысында студенттер өздерінің өнерлерін ортаға салды. Сайыс қорытындысы бойынша «Өнерлі жұп» номинациясын 1213 топ студенттері Мұштан Әділет пен Сапенова Бақтыгүл, «Көрермендер көзайымы» номинациясын 1211 топ студенттері Дыбысқали Валихан мен Алпысбаева Ақнұр, «Ең сәнді киім үлгісі» номинациясын 1211 топ студенттері Ғұбайдолла Нұрберген мен Қуанышқали Нұржамал, «Креативті жұп» номинациясын 1212 топ студенттері Хван Владислав пен Жумагалиева Римма иеленсе, ал «Күз Ханзадасы мен Ханшайымы – 2016» номинациясын 1213 топ студенттері Каримов Айбек пен Нургалиева Назерке жеңіп алды.

0102030405

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz