2016 жылы 28 қазан күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің инженерлік-технологиялық факультетінде «Қызықты энергетика» интеллектуалдық сайысы 2 туры өткізілді, оған Орал қаласының жалпы білім беретін №2, 35, 37 мектептерінің 10-11 сынып оқушылары және университеттің 1 студенттері қатысты.
1-тур 2016 жылдың 25 қараша мен 27 желтоқсанда қашықтан өткізілді.
Сайысқа 20 оқушы мен студенттер қатысып, оның 10 қазылар алқасының шешімімен өтті 2 турға өтті.
2-ші турды инженерлік-технологиялық факультетінің деканы, т. ғ. д., профессор Қадырғалиев Н.М , “Қызықты энергетика” сайысының қатысушыларын құттықтап,сайыс ашық деп жарияланды.
Сондай-ақ, құттықтау сөзді «техника және технология» кафедрасының меңгерушісі т. ғ. к., доцент Ихсанов К. А. Сөйледі және ол қатысушыларды 2-ші турдың өткізу шарттарымен таныстырды.
2 тур екі тапсырмадан тұрды, онда қатысушылар тест тапсырмаларын және логикалық есептер шығарды.
1-ші тапсырма орындағаннан кейін үзіліс жарияланып, қатысушылар кофе-брейк шықты.
Үзіліс уақытында кафедрасының доценті, т.ғ.к Тұрлыбаев К. Т. сөз сөйледі. Ол оқушыларды , университеттің құрылымымен, инженерлік-технологиялық факультетінің мамандықтарымен, университетке түсу шарттарымен , оқу кезіндегі жеңілдіктермен таныстырып кеткен болатын.
2 турдан нәтижесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Конкурс жеңімпаздары грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды:
1 орынды жалпы білім беретін № 2 мектептің оқушысы Жалғас Нарғыз және 5В071800 “Электр Энергетикасы” мамандығының 1 курс студенті Бекешов Амангелді иеленді.
2 орынды жалпы білім беретін № 2 мектептің оқушысы Амантаев Аманбек оқушысы жалпы білім беретін № 2 мектептің оқушысы Басарова Зарина иеленді.
3 орынды оқушысы жалпы білім беретін № 37 мектептің оқушысы Бактыгалиева Айым мен 5В071800 “Электр Энергетикасы” мамандығының 1 курс студенті Адият Арнур ие болды.
Барлық қатысушыларға сертификат берілді.
Мектеп оқушыларын дайындағаны үшін мектеп директорлары мен мұғалімдері алғыс хаттарымен марапатталды
Мектеп мұғалімдері атынан алғыс сөзді №2ЖББМ физика пәнінің мұғалімі Юнусова Валентина Константиновна сөйледі.
Университет басшылығы университет ректорының қолдауымен қалалық білім бөліміне «Қызықты энергетика» сайысын өткізуге ынтымақтастық жасағаны үшін алғыс білдіреді.
Зав. кафедрой техники и технологии, к.т.н. Ихсанов К.А.


