2024 жылдың 21-маусымында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Білім және менеджмент институтының күндізгі оқу бөлімінің түлектеріне дипломдар табыс ету салтанатты кеші өтті.

Биыл оқу ордамыздын қабырғасынан 184 түлек үлкен өмірге жолдама алды. Солардың ішінде 17 түлегіміз үздік дипломға ие болды.  Салтанатты кеште университет ректоры, т.ғ.к. Б.Т. Шакешев бітіруші түлектерді құттықтап, оқу озаттарына үздік дипломдарды табыстады.

Университет қабырғасында үздік оқумен қатар, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, студенттік өзін-өзі басқару жүйесінің жұмысын жетілдіруге қосқан үлесі үшін 15 түлек Білім және менеджмент институтының директоры т.ғ.д., профессор Ә.С.Тасмагамбетовтың қолынан университет ректорының алғыс хатымен марапатталды.

Кеш барысында «Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор М.К.Ажгалиев, «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Р.С.Кинжекова, «Шетел тілдері және аударма ісі» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Д.Ж. Кусаинова, «Қаржы және экономика» кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Г.К.Курманова, «Қоғамдық пәндер және дене мәдениеті» кафедрасының кафедра меңгерушісінің орынбасарлары, тарих магистрі А.С.Сисекешова және PhD доктор А.Б.Арыстанова бітіруші түлектерді құттықтап, диплом табыстады.

Түлектерге арналған диплом табыстау салтанатты кеші концерттік бағдарламамен жалғасты. Салтанатты кеште бір топ өңіріміздің белгілі әншілері түлектерге өз құттықтауларын, әсем әндері мен арнауларын жолдады.

Ұйымдастыру және тәрбие бөлімі

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz