Қазақтың тұңғыш академигі Қ.И. Сәтбаевтың туған күніне және университеттің 25 жылдық мерейтойына орайластырылған БҚИТУ ғылымының онкүндігі аясында 2025 жылдың 10 сәуірінде «Мұнай-газ инженериясы» кафедрасында «Елдің қара алтыны» тақырыбында зияткерлік quiz өткізілді. Іс-шараға кафедра оқытушылары мен білім алушылары қатысты.

Сайыстың негізгі мақсаты білім алушылардың заман талабына сай, соңғы жаңалықтарға негізделген сыни ойлауын дамыту, аз уақытта тез ойлау, шешім қабылдау, кездескен мәселені жан-жағынан қарап, басқа қырынан шешу, топпен жұмыс жасау деңғейін арттыру, тәжірибе алмасу, сондай-ақ білім беру процесіне инновациялық технологияларды енгізуді жетілдіру болды.

Quiz-ге қатысушылар топпен жұмыс жасай отырып, 4 турдан тұратын қызықты сайыста бақтарын сынады. Бірі қуанып, бірі таңқалған тартысты сайыста жалпы есепте 5 команда қатысып, «Oil energy» жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып, қанжығаларына бірінші орынды еншіледі.

Сайыс соңында кафедра ұжымы білім алушыларды жүлделі орындарымен марапаттаса, ал кері байланыс ретінде білім алушылар оқытушыларды алғыс айтып қуантты.  

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz