Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің тілдер және менеджмент факультеті студенттер арасында «Сен Абайды білесің бе?» атты интеллектуалды ойын ұйымдастырды.

Шарада қатысушылар «Асыл қазына», «Сенбе жұртқа», «Жарық ай», «Болашақ», «Жас шәкірттер» болып бес топқа бөлінді.

Интеллектуалды ойын барысында қатысушылар «Қызықты алаң», «Білімді мыңды жығар», «Өлең сөздің патшасы», «Абайдың қара сөздері» секілді сайыста Ұлы Абайды қаншалықты білетіндерін көрсетті.

Нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен «Асыл қазына» тобы бірінші орын алса, «Жарық ай» тобы екінші орын иеленді. Үшінші орынға «Сенбе жұртқа» тобы тұрақтады.

Белсенді қатысқаны үшін «Болашақ», «Жас шәкірттер» тобы алғыс хатпен марапатталды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz