Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 2023 жылдың 17 қазанында аға оқытушы Исагулова Т.Р. 6В07301 «Сәулет», 6В07102 «Электр энергетикасы», 6В07105 «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасы бойынша 1 курс студенттерімен Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрына сапар ұйымдастырылды. Шыңғыс Айтматовтың «Қызыл орамалды терегім» повесі бойынша қойылған «Арманым-Әселім» спектаклі. С.Сейфуллин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының ұжымы 89-шы маусымын осылай аяқтады. Осы жазда тұсауы кесілген лирикалық драма мәңгілік тақырып – махаббатты қозғайды. Ол әрқашан тірі, және бұл ең күшті сезім және сонымен бірге нәзік. Спектакль алғашқы ұялшақ сезімнің, құмарлық пен сатқындықтың, ащылықтың және қайтымсыз жоғалтуды кеш сезінудің пайда болуы туралы айтады.
Студенттердің кері байланысы бойынша қойылым жақсы әсер қалдырды, қызығушылық пен жағымды эмоциялар тудырды.