2024 жылдың 22 қараша күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде «Студенттер қатарына қабылдау» салтанаты өтті. Мерекелік кеш салтанатты рәсім мен концерттік бөлімнен тұрды. БҚИТУ ректоры, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Шакешев Бекбулат Темержанұлы университеттің бірінші курс студенттерін құттықтап, қоғамдық шаралардан қалыс қалмай, білім мен белсенділік танытып жүрген студенттерге алғыс хат табыс етті. Дәстүр бойынша бірінші курс студенттері ант қабылдады. Университеттің бірінші және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры С.А.Машанова бірінші курс студенттеріне студенттік билеттер табыстады. БҚИТУ үздік түлектерінің бірі, «Аманат» партиясының облыстық филиалы жанындағы әйелдер қанатының төрағасы Г.Ж.Шайхиниязова 1 курс студенттерін мерекелерімен құттықтап, облыстық, қалалық шараларға қатысып, белсенділік танытқаны үшін оқу орнына алғыс білдірді. Концерттік бағдарламада студенттер өз өнерлерін көрсетіп, өңірімізге танымал әншілермен бірге ән шырқап, ойындар ойнатылды. Мерекелік шара жоғары деңгейде өтті.

1-курс студенттерін «Студенттер қатарына» қабылдануларымен шын жүректен құттықтаймыз!

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz