2024 жылдың 25 қарашсы күні сағат 13.10-да 6B07301- «Сәулет және құрылыс» кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., техника ғылымдарының кандидаты К.А. Нариковтың АРХ-31О, АРХ-51О тобының студенттеріне «Шекті жағдайда темірбетон конструкцияларын есептеу әдісі» тақырыбында дәріс ашық сабағы өтті. Ашық дәріс сабақтың ерекшелігі оқытудың инновациялық әдістерін қолдана отырып, интерактивті тақтамен жұмыс жасалды. Мақсаты – жүктемедегі темір-бетон элементтері қималарының кернеулі-деформацияланған жай-күйінің үш сатысы және созылу, иілу, орталықтан тыс сығу, айналдыру кезіндегі қирау сипатын оқып үйрену. Сабақ барысында білім алушылар жүктемедегі темір-бетон элементтері қималарының кернеулі-деформацияланған жай-күйінің үш сатысы және созылу, иілу, орталықтан тыс сығу, айналдыру кезіндегі қирау сипаттарын, шекті жағдай әдісі бойынша есептеулерін және есептеудің негізгі ережелері сұрақтары бойынша өздеріне толық жауап алды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz