«Таза Қазақстан» — 2024 жылдан бастап қолға алынған, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өтіп жатқан ауқымды республикалық экологиялық акция. Мақсаты — елдімекендерді абаттандыру, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатты аялау. Акция шеңберінде сенбіліктер, көшет отырғызу және тарихи орындарды тазалау жұмыстары жүргізіледі. 25 сәуір күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялар университетінің тәрбие және әлеуметтік мәселелер бойынша департамент жетекшілері, топ эдвайзерлер мен 50 студент

Шаған өзенінің жағалауында көшеттер отырғызу акциясына қатысты. Шара барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен Батыс өңірінің жастарымен телекөпір ұйымдастырылды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz