“Кәсіби педагогикалық қызмет – педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың негізі” атты  Сапа апталығы-2024 аясында  2024 жылғы 13 қарашада “Дене шынықтыру және информатика” кафедрасы ” Шекаларды жеңу: спорт арқылы шабыт “тақырыбында кездесу ұйымдастырды. Кездесуді ұйымдастырушылар мен модераторлар: Абекешев Аянбек Иманбаевич және Бакесова Роза Маратовна

Кездесудің мақсаты — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Азон Нұрмұхамедұлы Шаймардановпен тәжірибе алмасу, аймақтағы спортты дамыту перспективаларын талқылау және жас спортшыларды даярлау жолдарын жетілдіру. Сонымен қатар, кездесудің бір мақсаты — спорт инфрақұрылымын дамыту, жаттықтырушылар мен спортшылар арасындағы байланыстарды нығайту, сондай-ақ спорттың қоғамдағы рөлін арттыруға бағытталған бірлескен жобалар мен бастамаларды ұйымдастыру.

Азон Нұрмұхамедұлы Шаймарданов — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорттық даярлық саласында танымал маман. Ол жаттықтырушылық қызметі барысында және оның тәрбиеленушілері халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге жеткені үшін кеңінен танылған. Оның жетекшілігімен көптеген спортшылар аймақ бойынша жоғары жетістіктерге жетіп, Қазақстанда спорттың дамуына елеулі үлес қосты. Азон Нұрмұхамедұлы жаттықтырушылық қызметіне белсене араласып, жас спортшыларды оқыту мен тәжірибесін келесі ұрпаққа беру ісіне үлес қосты.

Азон Нурмуханұлы Шаймардановтың спорттық мәдениетті және жаттықтырушылық шеберлікті дамытуға қосқан үлесі мемлекеттік деңгейде бағаланып, оған «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағы берілді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz