Құрметті әріптестер!
Сіздерді кәсіби мереке – Ұстаздар күнімен құттықтаймын!

Ұстаз – мемлекет пен қоғам арасындағы алтын көпір тәріздес. Мемлекеттің идеологиясы, қоғамның ізгі дәстүрлері мен құндылықтары, адамзаттың асыл қасиеттері, ғылым мен өнердің мұралары ұстаздар арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жол тартады.

Ертеңгі мемлекеттің болмысы – ұстаздың бүгінгі тәлімінде.

Тәуелсіз еліміздің ертеңі – жастарды оқыту мен тәрбиелеудегі шығармашылық ізденістеріңізді, университетіміздегі білім беру жүйесіндегі жетістіктеріңізді бағалай отырып, шынайы алғысымды білдіремін.

Болашақта да еліміздің өркендеуіне айшықты қолтаңбаңызды қалдырып, білім беру саласына зор үлес қосатыныңызға нық сенімдімін.

Сіздерге мықты денсаулық, отбасы берекетін және кәсіби қызметіңізге шығармашылық табыс тілеймін.

 

Құрметпен: БҚИТУ ректоры Б.Т. Шакешев

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.