2016 жылғы 30 қыркүйекте сағат 12:00-де Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің акт залында, педагогикалық факультетінің ұйымдастыруымен, Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасы, «Мәңгі Қазақ елі» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қазақ елі – Мәңгілік ел:  тарихи тағлым, әлеуметтік-экономикалық өрлеу» тақырыбында ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.

Конференцияға БҚИТУ педагогикалық факультетінің студенттері, магистранттары,  жастар қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жалпы көпшілік шақырылды.

1%d0%ba%d0%be

Конференция жұмысын БҚИТУ тәрбие ісі жөніндегі проректоры,  экология магистрі  Аянбек Иманбайұлы Абекешев жүргізді. Шара басында аталмыш оқу орнының деканы, профессор Баян Сабырқызы Жұмақаева сөз алып, конференция жұмысына сәттілік тіледі.

2%d0%ba%d0%be

Конференция жұмысының негізгі бағыттары мына тақырыптарда өрбіді:

  1. «Мәңгілік ел» стратегиялық тарихи құжатты оқу орындарында дәріптеудің мәні, қажеттілігі мен маңызы.
  2. Ұлы дала елінің даңқты тарихы мен дәстүрлері.
  3. Мәңгілік Ел – инновация, тұрақты экономикалық өсім.
  4. Мәңгілік Ел –тарих, мәдениет пен тіл тұғыры.
  5. Мәңгілік Ел – сапалы білім, саналы тәрбие.

Шараның пленарлық бөлімінде «Психологиялық ағарту және алдын алу жұмыстары негізінде студенттердің ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру» тақырыбында педагогика және психология мамандығының магистранты Ляззат Сайкомқызы Есенова, «Мәңгілік Ел –тарих, мәдениет пен тіл тұғыры» тақырыбында  «Тарих» мамандығының 4 курс студенті Данияр Василеев,  «Ұлт болашағын тәрбиелеуде жастар қоғамдық бірлестіктерінің қызметі мен ролі» тақырыбында «Темір-Бүркіт» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Эльмира Сайынқызы Келбетова,  «Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы жастар саясаты» тақырыбында «Қаржы» мамандығының 4 курс студенттері Алия Садыкова мен Анастасия Ивановская, «Мәңгілік ел» идеясының түркі әдебиеті нұсқаларындағы көрінісі» тақырыбында филология факультетінің 2 курс студенті Гүлайна Сүндетқалиева, «Мәңгілік ел – сапалы білім, саналы тәрбие» тақырыбында «Тарих» мамандығының 2 курс студенті Арайлым Тлепова, «Қазақ күресінің даму тарихы» тақырыбында «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенті Нұрдәулет Жәрдемовтер баяндама жасады.

3%d0%ba%d0%be4%d0%ba%d0%be5%d0%ba%d0%be6%d0%ba%d0%be

Содан кейін жоғарыда аталған бағыттар бойынша бес секциялық отырыстың жұмысы жалғасты.

«Қазақ елі – Мәңгілік ел» тақырыбында өткен конференцияның жұмысына  студенттер, магистрантар, болашақ жас ғалымдар жоғары белсенділік танытып, қызу талқылауға қатысты.

Алдағы уақытта да осындай шараларды еліміздің болашағы – жастардың қатысумен өткізу өзінің нақты жемісін береді деген сенім мол.

7%d0%ba%d0%be

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz