2022 жылдың 6 сәуір күні Инженерлік-гуманитарлық факультет 6В04202 «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы 2, 3 курс студенттері Қазақстан Республикасы Әділет Министірлігінің Сот сараптамалары орталығының филиалы БҚО бойынша Сот сараптамалары институтына экскурсияға барды. Экскурсияны Гуманитарлық және құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушылары Джуламанов С.С және Жансултанова Г.С. ұйымдастырды. Экскурсия мақсаты өндіріс орнымен таныстыру арқылы студенттердің қызығушылығын арттыру болып табылады. Экскурсия барысында студенттерге сот сараптама орталығында жүргізілетін сараптамалар туралы, мәйітті тексеру, өлім себебін анықтау, мәйіттегі дақтар, зақым түрлері деген мәселелерді атап өтті. Сонымен қатар сот сарапшысының атқаратын қызметі және жұмысының барысында басшылыққа алынатын нормативтік құқықтық актілер туралы сөз қозғалды. Жалпы студенттер қызығушылықпен тыңдап, қарап шықты.
Осындай экскурсия өткізуге ақпал еткен Сот сараптама институтының басшылығы Ходжамуратов Ғалымжан Октябрьұлына алғыс айтамыз.