26 ақпан күні облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен «Ғимараттар ғажабы – саусақ ұшында» тақырыбындағы «Тактильді Орал» инклюзивті жобасы аясында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Салалық технологиялар институты, «Сәулет және құрылыс» кафедрасының макеттерінің таныстырылымы өтті. Жобаның жетекшісі – Сарсенгалиева Майра Гумаровна, Қазақстанның құрметті сәулетшісі, «Сәулет және құрылыс» кафедрасының аға оқытушысы.

Таныстырылым барысында 6В07301 «Сәулет» мамандығының 5-курс студенттері дайындаған макеттер көпшілік назарына ұсынылды. Атап айтқанда:

-«Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» макетін орындаған студент – Дудыкина Татьяна Алексеевна;

-«Мырзалиев атындағы шығармашылық үй» макетін орындаған студент – Тайшурин Диас Арманович.

Макеттер арнайы тактильді талаптарға сай әзірленіп, ғимараттардың сәулеттік ерекшеліктерін саусақ арқылы сезіну мүмкіндігін береді.

Аталған бастаманың негізгі мақсаты – көру қабілеті шектеулі жандарға қаланың сәулеттік нысандарын тактильді форматта таныстыру, тарихи-мәдени мұраға қолжетімділікті кеңейту және инклюзивті ортаны дамыту «Сәулет және құрылыс» кафедрасы студенттері мен оқытушыларының шығармашылық еңбегі арқылы жүзеге асырылуда.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz