2025 жылғы 15 қазанда Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің 6В01702 «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері «Оқыту мен бағалаудағы сараланған тәсіл әдістемесі» пәні бойынша дуалды білім беру форматында оқудан өтті.

Сабақтар Эстетикалық бағыттағы гимназия базасында педагог-зерттеуші М.Ж. Ахтаровтың жетекшілігімен өткізілді.

Оқу барысында студенттер саралап оқыту мен бағалаудың заманауи әдістерімен танысып, әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды әзірлеуді, оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеруді және алған білімдерін тәжірибеде қолдануды үйренді.

Дуалды оқыту форматы студенттерге нақты мектеп жағдайында практикалық тәжірибе жинақтауға және болашақ педагогикалық қызметке кәсіби дайындық деңгейін арттыруға мүмкіндік берді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz