2025 жылдың  10 қазан айында Жалпы білім беру пәндер кафедрасының оқытушысы, психолог Ф.Ж Разахова факультетіміздің 1-курс студенттеріне «Мейрімділік-буллингке қарсы күш» атты профилактикалық іс-шара өткізді. Ақпараттық-түсіндірмелі жұмыстар жоспарына сәйкес өткізілген шарада  білім алушыларға қарым-қатынас, буллинг, кибербуллинг, моббинг туралы презентациялау арқылы кеңінен түсінік береді. Шара ақпараттық- танымдық, құқықтық бағытта өтті. Студенттер тарапынан толғандырған сұрақтар қойылып, жауаптары алынды. Білім алушылар арасында психологиялық сұрақтар туындаған жағдайда СТИ жауапты мамандарына жүгінуге болатынын және жедел байланыс номерлері берілді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz