2022 жылдың 10 – қараша күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Педагогикалық факультетінің «Жаратылыстану ғылыми пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен университет студенттерімен  Қадыр Мырза Әли атындағы № 47 ЖОББМ, № 50 ЖОББМ оқушылары арасында футзалдан жолдастық кездесу өтті.

Жолдастық кездесудің мақсаты –  жоғары оқу орыны мен жалпы орта білім беретін мектептерінің өзара байланысы арқылы кәсіби бағдар жұмысын жандандыру және студенттер мен мектеп оқушылары арасында достық қарым-қатынасты арттыру.

Ойын алдында БҚИТУ «Барыс» спорт клубының жетекшісі Асхат Жасқайратұлы мен №50 ЖОББМ дене тәрбиесі пәні мұғалімі Ерболат Сәрсенбайұлы сөз сөйлеп, студенттер мен оқушыларға сәттілік тіледі. Студенттер мен мектеп оқушылары арасында жолдастық кездесу өте тартысты өтті. Ойын нәтижесі бойынша БҚИТУ студенттері Қадыр Мырза Әли атындағы № 47 ЖОББМ оқушыларын 8:2, № 50 ЖОББМ оқушыларын 5:1 есебімен ұтты. № 47 ЖОББМ оқушылары №50 ЖОББМ оқушыларын 8:7 есебімен басым түсті.

Футзал бұл достықты насихаттайтын ойын. Сонымен қатар командалық ауыз біршілікті де көрсетеді. Сондықтан бұл жолдастық кездесу тек бәсеке ғана емес достық байланысты арттырады деп сенеміз.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz