Емельян Пугачев – 1773-1775 жылдары шаруалар көтерілісін басқарған дон казағы. Жайық казактарымен байланыс жасап, өзің Петр III император ретінде жариялап, астыртын қол жинаған тұлға. Тәрбие жұмысы шеңберінде 2022 жылдың 10 қарашасында жалпы білім беру пәндері кафедрасының аға оқытушысы Т. Р. Исагулова 6В07301 “Сәулет”, 6В04202 “Құқықтану”, 6В11201 “Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау” білім беру бағдарламасының I курс білім алушыларымен Е.Пугачев музейіне барды. Экскурсия барысында білім алушыларға музейдің тарихы туралы айтылды. Емельян Пугачев музейі 1991 жылы Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының филиалы ретінде құрылды. Әр жылдары тарихи ескерткіш орынына орыс және қазақ мәдениет қайраткерлері болды. 1967 жылға дейін мұражай орналасқан ғимаратта кітапхана болған. 1774 жылы Емельян Пугачевтың осы үйге тоқтағаны туралы мәліметпен мемориалдық тақта орнатылған. Музей ғимараты –республикалық маңызы бар сәулет ескерткіші болып табылатыны білі алушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz