Таяуда Нұр-Сұлтан қаласында Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен республикалық «Жайдарман-2020» ойындары өткен еді.
Еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ден аса, команда қатысқан әзіл аламанында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің педагогика факультеті студенттерінен құралған «Жаңа толқын» командасы жақсы ойын көрсетіп, жоғары лигаға жолдама алды.
Айта кетейік, «Жаңа толқын» командасының сәтті ойын өрнегін көрсеткені үшін БҚИТУ-дың тәрбие ісі жөніндегі проректоры Аянбек Абекешевке «Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ атқарушы директоры Р.Б.Елжановтың атынан алғыс хат берді.

